Шаттан қазақ, Елдос та алтын алды

Қазақстандық дзюдошы Екатеринбургте өткен «Grand Slam» турнирінде үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап. Финалда ресейлік спортшы Ислам Яшуевті жеңіп, алтын медаль алды. Шешуші кездесуде Сметов иппонмен жеңді. Қарсыласын лақтыру әдісі арқылы жеңу үшін оған 2 минут 20 секунд уақыт қажет болды. Жарақат алғалы бұл Елдос үшін 2018 жылдағы алғашқы […]

Сүйінші! Қазақ боксшылары халықаралық турнирде 4 алтын медаль жеңіп алды

Варшавадағы Феликс Штамм атындағы халықаралық турнир аяқталды. Бокстан Польша астанасы Варшавада Феликс Штамм атындағы халықаралық турнир аяқталды. Биыл бұл жарыс 35-ші рет ұйымдастырылды. Варшавадағы бокс бәсекесіне Қазақстаннан 10 боксшы қатысты. Оның 7-і жүлделі орыннан көрінді. 4 алтын 2 күміс 1 қола медаль жеңіп алды. 6 бірдей боксшымыз финалда жұдырықтасты. Алғаш болып шаршы алаңға шыққан Ілияс Сүлейменов (56 кг) иорданиялық […]

Футболшы ауруханаға 221 миллион теңге қаржы аударды

Ағылшындық «Ливерпуль» футбол командасында ойын көрсететін мысырлық футболшы Мухаммад Салах жақында тағы бір үлкен қайырымдылық іс жасады. Ол Каир (Египет) қаласындағы Балалар онкологиялық ауруханасына медициналық құрылғылар алу үшін 500 000 фунт стерлинг (бұл 221 миллионнан астам теңге) қаржы аударды. Аталмыш ауруханада көбіне жұлын рагіне ұшыраған балалар емделетіндіктен, ем бағалары өте қымбат болып келеді. Мухаммад Салах осы […]

Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа тағы ауысты. Промоутері қандай уәде берді?

Бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов түпкілікті кәсіпқой боксқа ауысып, британдық промоутер Эдди Хирнмен келісімшарт жасады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. Бұл мәліметті 26 жастағы қазақстандық боксшының кәсіпқой боксқа ауысуына байланысты өткен баспасөз мәслихатында ресми растады. “Сіздердің Олимпиада ойындарының чемпиондарыңыз бізбен жұмыс істейді. Біз басқа да Олимпиада ойындарының чемпиондары секілді Данияр Елеусіновпен келісімшарт жасады. Данияр бүкіл әлемді аралап жұдырықтасады. […]

Футболшы Еркебұлан Сейдахметтің болашағы жайында екі түрлі пікір

Қазақтың жас футболшысы, болашағынан көп үміт күттіріп отырған Еркебұлан Сейдахмет қай клубта ойнайтыны әлі де білгісіз, деп хабарлайды shynyrau.kz тілшісі. Жақындаға ғана Ресейдің премьер-лигасында ойнап жүрген “Уфа” клубымен жаттығу өткізіп жүрген ойыншы өзінің инстаграм жазбасында жариялаған фотомен көптің назарын аудартты. “Ары қарай жүреміз” деген жазбасынан кейін жұрт түрлі пікір айта бастады. Vesti.kz сайтының мәліметіне сәйкес, “Уфа” […]

Франция клубы “Астана” ойыншысын 1 миллион еуроға сатып алмақшы

Франция клубы “Астана” ойыншысы Патрик Твумасиді 1 миллион еуроға сатып алмақшы, деп хабарлайды shynyrau.kz Lequipe.fr сайтына сілтеме жасап. Дереккөзде келтірілген мәлімет бойынша, “Кан” мен “Астана” клубтары келіссізді бастап кетті. Атылмыш клубтан бөлек, немістің «Штутгарт» пен «Гамбург», Мәскеулік  «Спартак», шотландиялық «Селтик», түріктердің«Гезтепе» мен “Бураспор” клубтары да ойыншыны өз құрамына алу ниеттері бар екені айтылып жүр.  

Сүйінші! Дзюдошы қазақ тағы да алтын алды

Дзюдошы Ислам Бозбаев  (90 кг) әлемдік Гран-при сериясында алтынды қанжығасына байланыд деп хабарлайды shynyrau.kz Тунисте өтіп жатқан турнирде Ислам Бозбаев финалдағы мажарлық қарсыласын таза жеңіспен жеңіп кетті. Сонымен қатар, кеше тағы бір спортшы алтын алған 73 кг-ға дейінгі салмақта белдесетін Жансай Смағұлов та бірінші орын алды. Айта кетейік, екі алтынмен қоса қазіргі таңда ұлттық құраманының еншісінде тағы […]

Оралдық “Ақжайық” “Ювентустан” ұтылып қалды

Оралдық “Ақжайық” футбол клубы Румынияның жоғарғы лигасында ойнайтын “Ювентус” клубымен жолдастық кездесу өткізді. Қазақстандық клубтың ресми сайтында келтірілген мәліметке сәйкес, бұл “Ақжайықтың” дайындық кезеңіндегі алғашқы ойыны. Ойын румындықтардың пайдасына 2 – 0 есебімен аяқталды. shynyrau.kz

Футболшы ойын үстінде төрешіні соғып, соңғысы қайтыс болды

Мексикада футболдан әуесқойлар арасында өтіп жатқан ойында ойыншының шабуылынан төреші қайтыс болды, – деп хабарлайды The Daily Mail. Басылым мәліметінше, төреші Хосе Вальдемар Эрнандес Капитильоға футболшыға қызыл қағаз көрсеткен. Осыған ашуланған ойыншы төрешіге шабуыл жасады. Ойын соңында Капитильо Халапа қаласындағы ауруханаға жеткізілді және бір апта комада жатып, қайтыс болды. “Қазіргі уақытта біз барлық шараны істеп жатырмыз. […]

Қазақтың асық ату ойыны мен қырғыздың көкпары Юнесконың бейзаттық мәдени мұралар тізіміне енді

Асық ату ойыны Юнесконың бейзаттық мәдени мұралар тізіміне енді, деп хабарлайды shynyrau.kz Юнесконың ресми сайтында келтірген мәліметке сәйкес 7-желтоқсан күні Корей Республикасының Чеджу қаласында өткен Бейзаттық мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің таңғы отырысында асық ату ойыны адамзаттың мәдени мұрасы ретінде танылды. Қазақстан таратынан ғылыми негіздемесін дайындар ұсынған – Сабира Кульсариева. Жалпы, бұл күні 12 […]