Бекболат Тілеухан: Дәл қазір және қуана-қуана кетуге дайынмын

“Дәл қазір және қуана-қуана кетуге дайынмын. Жұмысымды істей алатын адам ұсынса, орнымды қазір-ақ босатуға дайынмын. Бұл орынға жабысып қалған ештеңем жоқ. Мен өзіме тиесілі жұмысты орындадым деп ойлаймын. Әлі де орындай бермекпін. Мақтанып жатыр деп ойлап қалмаңыздар. “Федерация бастығын және т.б.-сын құртыңдар” деп жұрт шулап жатыр. Өзге әріптестерімді қорғауға себебім бар. Олар бұл істі маған […]

700 қазақ Қытай құрсауынан құтылуы мүмкін. СІМ Қытайдағы қазақтардың тағдырын қалай шешетінін айтты

Әбдірахманов Қытайдағы қазақтардың тағдырын қалай шешетінін айтты, деп хабарлайды ktk.kz  700-ге тарта қазақ Қытай құрсауынан құтылуы мүмкін. Ресми Бейжің олардың Қазақстанға шығуына рұқсат беру мәселесін қарастырып жатыр екен. Бұл туралы еліміздің бас дипломаты айтты.  Қайрат Әбдірахманов, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ: -Қазіргі таңда, Шыңжаң ұйғыр автономиясы  аймағы билігі 675 этникалық қазақ үшін Қазақстанға шығуға қойылған шектеуді алып […]

Германия қазағы: Қазақстанда жұмыс істеуге мүмкіндік бермеді

Кельн қаласында тұратын этникалық қазақ Шұғайып Ерол Германиядағы қазақтардың өмірі және өзінің Қазақстанда басынан кешкен жағдайы туралы әңгімелейді. Германияның Кельн қаласында тұратын 60 жастағы Шұғайып Ерол «Ford» компаниясының Германиядағы зауытында 40 жылдан артық уақыт жұмыс істеп, таяуда зейнет демалысына шықты. 1958 жылы Түркияның Ниде қаласына жақын орналасқан Алтай ауылында дүниеге келген ол 1974 жылы ата-анасымен […]

Самал Есләмова: “Ашық-шашық киініп жүретін фильмдерді ұнатпаймын”

Актриса Самал Есләмова режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» фильмінде басты рөлді сомдап, 71-ші Канн фестивалінде «ең үздік әйел рөлі» номинациясын иеленгені белгілі. Ол Астана келіп, журналистермен сұхбаттасты. — Еліме, халқыма ризашылығымды білдіремін. Бірнеше күннен бері толассыз құттықтаулар түсіп жатыр. Халқымның ықыласын сезіп жатырмын, мың да бір рахмет, —  деп сөз бастаған Самал Есләмова өз өмірі және […]

Айнұр Сауытбекова: Қазіргі кезде ұлттық киімдер түпнұсқалық қалыпта тігілмей, ою-өрнектер дұрыс қолданылмайды

Ұлттық киім десе алдыменен көзге наурыз мейрамы елестетеді. Ұлттық шапан мен кимешек киген үлкендер, оюланған киімді жастар мен балалар. Дегенмен, қазақтың ұлттық киімі тек наурыз мерекесі үшін ғана арналмағаны рас. Өзіндік орны мен қызметі болғаны ақиқат. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі  «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Айнұр Сауытбековамен аз-кем тілдестік. – Әуелі ұлттық […]

Жан Ахмадиев: Мені күйіндіргені — кейбірі осы жезөкшелікті мамандыққа жатқызғаны

– Сіздің мына әрекетіңізді заң бұзушылық деп айтып жатқандар бар екен. Оған не дейсіз? – Жауап бермеймін! – Осы даулы оқиғадан кейін билік жезөкшелікке қатысты арнайы заң қабылдаса, немесе тыйым салса – бұл сіздің жеңісіңіз деп бағалар ма едіңіз? – Əрине! Қуанар едім! – Байқасаңыз, қамшыны көргенде Баян, Байзақовалар сияқтылар ғана шырылдап кетті? Бұл олардың жанды жері шығар? Әлде, олар осындай бұзылған қоғамды қолдайтын […]

Ардақ Елеусіз: “Мен қазақпын” жобасындағы басты мақсатым – күйімді халыққа жеткізу еді

Қазақтың ұлттық өнерін насихаттауға арналған “Мен қазақпын” тележобасы көптің көңілінен шыға білді. Ел-жердегі өнерпаздар қалың бұқараға таныстырылып, өз өнерлері арқылы жоғағы бағаға ие болды. Осылардың қатарында жобаның жеңімпазы, жас күйші Ардақ Елеусіздің орны ерекше. shynyrau.kz сайты өз оқырмандары үшін жеңімпазбен аз-кем сұхбат жасап, жоба туралы ойың білген еді. – Әуелі жобаға іріктеу жайында айтып өтсең. Қалай […]

Ирина Бекзатқызы: Мақсатымыз – жер-су, елді мекендерге байырғы атауларын қайтару

Еліміздің тарихы, әсіресе тарихи-географиялық атаулардың ұмытыла бастауы бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі. Шешілмей тұрған мәселелер көп-ақ. Дегенмен, байырғы атауларды қайтару үшін жекелеген адамдардың емес, ғылыми талданған мәліметке сүйенген ұтымды жол болмақ. Осыған орай, жер-су атаулары өзгерісінің тарихи себептеріне үңілу үшін жас ғалым, Астанадағы Ұлттық музейдің «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері Ирина Бекзатқызымен аз-кем […]

Мұхтар Тайжан: Халық маған сену үшін кедей болуым керек пе сонда?

– Заң жақсы болса, халық неге дүрлігіп жатыр әлі? – Осындай арандатушылық хаттан кейін, әрине. Опоненттерге сөз бердім, эмоциядан басқа не айтты? Нақты дәлелдері жоқ. Бүгінге дейін заң оқыған адамды көрген емеспін. Оқысаң да түсінбейсің. Түсіндіретін мамандар болуы керек. Сондықтан мамандардың сөзіне құлақ асқанымыз жөн. Мен де мысалы бұл заңды түсіну үшін екі жыл уақытымды сарп еттім. […]

Рүстем Нүркенов: Қазағымның төл өнерін жұрт көбірек үйренсе, меңгере түссе екен

Белгілі өнер жанашыры, жас та болса осы саланы зерттеуге, оның дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген күйші Рүстем Нұркенов Астанада өзінің арнайы орталығын ашып, адамдарға күй тартуды үйретуде. Біз кешегі аптада Рүстеммен хабарласып, оның жұмыс барысы жөнінде сұхбаттастық. – Рүстем, алдымен өзіңізді оқырманға жете таныстыра кетейік. Өнер саласында қай кезден бері жүрсіз? Қазір қайда тұрасыз, қандай […]