Балғынбек Имашев: “Жүрсіннің жүйріктері” атанғанмен, Жүрсіннің жекеменшік ақындары емеспіз

– Аға, Жүрсін аға кімдерге ренжіп жүр? – Осындай ыңғайсыз әңгіме туғаны рас. Бірақ Жүрсін ағамыз неге оны дінге байланыстырып айтқанын білмеймін. “Алтын домбыраның” алдында маған министрліктен хабарласып, байланысқа шықты. “Алтын домбыра” айтысына қатысуға ұсыныс жасады. Мен соңғы екі айтысқа қатыспағанымды айтып, үшіншісінен де бас тарттым. Содан кейін менен “қандай ақындар қатысқаны дұрыс?” деп сұрады. […]

Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев бизнеске кеткенін айтты

– Сіздің Ұлыбританияда білім алғаныңызды білеміз. Осы орайда, өзіңіздің студенттік кезіңіз туралы айтып өтсеңіз… – Кезінде спорттың соңынан жүремін деп көп нәрседен қағылдым. Әсіресе, білімнен. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін шетел асуға тура келді. Қалай десек те, студенттік кездер – менің ең әдемі сәттерімнің куәсі. Еуропа елдерінің қалай өмір сүретіндігін екі жыл сонда тұрғанда өз […]

Абай Құнанбаевтың бесінші ұрпағы: Абайдың ізбасары емеспін, басқа адаммын

Данияр Ақылбаев – Абай Құнанбаевтың Ақылбайдан тараған бесінші ұрпағы. Ақылбай арғы атасы болса да, әлі күнге есім-сойын Ақылбаев деп пайдаланып жүр. Біз ұлы адамның ұрпағын Маңғыстау облысынан іздеген едік. Сөйтсек, кейіп­­керіміз Ақтау мен Алматының екі арасын жол қылып, бірде – батыста, бірде Жетісу жерінде жүреді екен. Мамандығы – инженер-океонолог. Қызметі – Ақтауда. Отбасы – Алматыда. […]

Қайрат Байбосынов: Иманжүсіптің әнін айтқанда 90-дағы шал жылап қоя берді

Қайрат аға, Сіз Иманжүсіп әндеріне қалай келдіңіз? Иманжүсіп жайлы өз деректеріңізбен бөліссеңіз. Мен 1967 жылы Алматы республикалық эстрада студиясына Жүсіпбек Елебековтың шәкірті болып қабылдандым. Сонда Жәнібек Кәрменов екеуіміз Жүсекеңнен оқыдық. Қазірде ол студия Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада цирк колледжі атанды.  Иманжүсіптің әнін сол кісіден үйрендім. Ақын респрессиға ұшырап, айдалып бара жатқандағы «Абылай аспас Арқаның сары белі »деп жырлаған әнін ұстазымыз […]

Түрмеден шыққан жігіт: «Сенің әніңді тыңдаған кезде жаным «воляда» жүргендей болатын»

Қазақтың белгілі әншісі Рамазан Стамғазиев елуге толды. Биыл әншінің өнер әлемінде жүргеніне отыз жыл болыпты. Abai.kz ақпараттық порталының тілшісі осы айтулы мереке қарсаңында әншімен сырласып қайтқан еді.  – Қалыңыз қалай, Рамазан аға? – Әзірге жаман емес, Қанатжан! – Аға, ердің жасы елуге келген кезіңізде алғашқы сауалды сәл-пәл қытығыңызға тиюден бастасақ, ренжімейсіз бе?   – Abai.kz-тің […]

Жанғали Жүзбаев. Күй деген де бір иман ғой.

Жанғали Жүзбаев – Қазақ Ұлттық өнер университетінің доценті, Арқа, Қаратау күйлерін насихаттаушы, шертпе күйдің шебері. «Қазақтың шертпе күйлері», «Шертпе күйдің төрт мектебі», «Ұстаздың педагогикалық репертуары» сынды бірнеше еңбек авторы, шәкірт тәрбиелеуден қол үзбеген ұстаз да. Атақты күйшімен сұхбатымызды оқырманға ұсынамыз. – Күйшілік Сізге кімнен қонды? – Күйшілік әуелі кісіге қанмен бітетін қасиет екенін бала күнімнен аңғарған […]