Абылай ханның орындалмаған үш арманы

Ел аузында Абылай туралы көптеген аңыз-әңгімелер бар. Солардың бірін shynyrau.kz өз оқырмандарына ұсынбақшы. Бұл даңқты хан Абылайдың арманына қатысты аңыз.

Өмірінің соңында Абылайдың қал-жағдайын сұрау үшін ордаға Бұқар жырау келіпті. Әңгімелесе келе жырау ханнан: «Сіздің уақытыңызда қазақтың басы бірігіп, көңілі бір марқайып қалды, тағы қандай арманыңыз бар?» депті. Сол кезде Абылай басын сәл көтеріп: «Үш арманым бар еді. Әуелгісін айтайын, менің қазағым мал емшегін емген ел еді. Жаңаша кәсіп үйретіп жер емшегін емгізе алмадым. Екінші, менің тұсымда қан көп төгілді. Өкінерім де сол. Бірақ мен олардың қанын төкпесем, жау менің қанымды төгетін еді. Соңғы арманым, елімде телі мен тентек көп болды, бастарын біріктіру қиынға түсті, осы арманымды соңына дейін орындай алмадым» деп сөзін аяқтапты.

shynyrau.kz

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған