Қазақтың асық ату ойыны мен қырғыздың көкпары Юнесконың бейзаттық мәдени мұралар тізіміне енді

Асық ату ойыны Юнесконың бейзаттық мәдени мұралар тізіміне енді, деп хабарлайды shynyrau.kz

Юнесконың ресми сайтында келтірген мәліметке сәйкес 7-желтоқсан күні Корей Республикасының Чеджу қаласында өткен Бейзаттық мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің таңғы отырысында асық ату ойыны адамзаттың мәдени мұрасы ретінде танылды. Қазақстан таратынан ғылыми негіздемесін дайындар ұсынған – Сабира Кульсариева.

Жалпы, бұл күні 12 жаңа элемент осы тізімге енді. Атап айтар болсақ, Асық ату ойыны (Қазақстан), Эштремошедағы саз мүсіндерді жасау (Португалия), Орган жасау және орган музыкасы (Германия), Ребетико (Греция),  Кумбха-Мела (Үндістан), Пиниси – кеме жасау өнері (Индонезия), Човган – музыка мен әңгімесі қатар жүретін ат үстіндегі ойын (Иран), Музыкалық аспап кеманчада ойнау және дайындау өнері (Иран және Әзірбайжан), Ирландиялық волынка (Ирландия), Пиццайло – тағам жасау өнері (Италия), Кок-бору (Қырғызстан) (бізше көкпар), Нсима – тағам жасам дәстүрі (Малави).

shynyrau.kz

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған