Жақсы қыздар 100 жігітпен жүрмейді

Бүгін қол сәл бостау болса керек, бірнеше құрбымның инстаграмына лайк қойып шықтым. Бірақ одан кейін мына ойды жазбауға болмайтынын түсіндім.

Университет қабырғасында жүріп танысқан бір құрбым бар. Соңғы кездері тым жақын араласа қоймасақ та, көп қуанышын инстаграмнан бақылап, бірге қызықтап отырамын. Ақылын көп жағдайда эмоция билесе де, өзі сондай жақсы қыз.  Осыдан бір-екі жыл бұрын бір жігітпен ұзақ кездесті. Инстаграмы соның фотосына толды. Содан күндердің бір күнінде сол жігіт бейнеленген фотолардың барлығы жоқ болды. Айтпаса да белгілі жағдайдың орын алғаны түсінікті. Бірақ әдемі қыздар ұзақ жалғызсырамаса керек. Көп ұзамай құрбымның тағы бір сымбатты жігітпен түскен фотолары оның лентасына баяу, біртіндеп шыға бастады. Тағы уақыт өтті. Екінші жігітті үшінші жігіт алмастырды.

Сөйтіп, құрбымның тірлігі баяғыда естіген бір анекдотты есіме түсірді. “Бір келіншек 10-шы рет байға шыққалы тұрып, құрбыларына айтады екен: “Өстіп-өстіп, бұзылып кететін түрім бар”,-деп.

Біз, әрине, шексіз сүйеміз. Тіпті сол адаммен бірге шаңырақ көтеріп, бірге қартаятынымызға дейін сенімдіміз. Бірақ біздегі сенім жігіттің ойындағы жоспарымен сай боларына кім кепіл?!

Жақсы қыздар жүз жігітпен жүрмейді. Түсінген адамға бұдан артық айтарым жоқ.

 

Клара Ермагамбетованың фейсбуктегі жазбасынан

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған