Ғылым докторы, профессор: “Біз көшпенді емеспіз. шынайы «Қазақ тарихын» жазуы­мыз керек”

«…Қазақ тарихын рухани жағынан жаңғыртып, тарихи тұрғыдан жазу үшін біз көшпенділік терминінен құтылуымыз қажет. Орталық Азиядағы археологиялық зерт­теулер ХХ ғасырдан басталды десек, сол бір ғасырдан астам уақытта археологтар осы гео­графиялық аймақтан тарихтың әр кезеңдеріне жататын құнды ескерткіштерді ашып, зерттеп, тарих ғылымына бұрын-соңды енбеген жаңалықтарды әкелді. Сондықтан осы жиналған бай артефактілерге негізделіп, тү­рік әлемінің жазылмаған тари­хын қайтадан жаңғыртып жаза­тын уақыт келді. Бұл орай­да қазіргі уақытта жазба, архео­логиялық, этнологиялық де­рек­­тер жеткілікті. Тіпті Кеңес үкіметі кезінде кейбір кем­ші­ліктерге қарамастан қазақ халқы тарихының негізі қаланды. Қыруар деректер жиналды. Олар қазір архивте, кітапханаларда сақталған…

…жинал­ған деректерге сүйене отырып, шынайы «Қазақ тарихын» жазуы­мыз керек. Бұл өзекті мәсе­лені іске асыруға әлі кіріскен жоқ­пыз. Шынайы «Қазақ тари­хын» жазатын болсақ, көш­пенділік тұжырымымен мүл­де қоштасатынымыз да ақи­қат. Мұны бекер айтып отырған жоқпын. Батыс Еуропа ғалым­дары көшпенділік пікірді әдейі қалыптастырды. «Орталық Азияны мекендеген түрік тектес этностар көшпенді болған» деген анықтаманы әлем халқының тарихына осылай енгізген. Алайда кейінгі кезде табылған бай жазба, археологиялық, этнологиялық және тағы басқа деректер, Орталық Азияны мекен­деген этностардың ежел­ден отырықшы болғанын дәлелдеді. Бір ғана мысал, бұрынғы өзбектердің тарихында «көшпенді өзбектер» деген бөлімше болғаны белгілі. Қазір Өзбекстанның тарихшылары мұндай тарауды алып тастап, «өзбек халқы ежелден отырықшы екенін» дәлелдеп жазып жүр. Осындай «көшпелі түріктер» тұжырымының ғылымнан алшақ екенін түркі тілдес ғалымдардың көпшілігі де мойындады. Тек кейбір қазақ ғалымдары ғана «көшпенділік» тұжырымынан әлі күнге дейін айрылар емес.

Уахит ШӘЛЕКЕНОВ, 
тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА-ның құрметті академигі
«Айқын» газетіне жарияланған мақаласынан үзінді

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған