Жұма намазы қалай оқылады?

Жұма күнi бесін азаны айтылумен он алты рәкат жұма намазы оқылады. Оқу тәртiбi төмендегiдей:

1 – Ең бiрiншi жұма намазының төрт рәкаттық алғашқы сүннеті оқылады. Бұл намаз бесiн намазының алғашқы сүннетi сияқты оқылады. Бұл намазға: «Аллаһу та’ала разылығы үшiн жұма намазының алғашқы сүннетiн оқуға ниет еттiм, жүзiмдi қыблаға қараттым»– деп ниет етiледi.

2 – Кейiн мешiт iшiнде екiншi азан және хутба оқылады.

3 – Хутба оқылғаннан кейiн қамат айтылып жамағатпен бiрге жұма намазының екi рәкат парызы оқылады.

4 – Жұма намазының екi рәкат парызы оқылғаннан кейiн төрт рәкат соңғы сүннеті оқылады. Бұның оқылуы да бесiн намазының алғашқы сүннетi сияқты.

 

5 – Бұдан кейiн аятул курси және 33 тасбихтардың үшеуі айтылып дұға етiледi.

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған