Біреуге сыйлық бергеніміз үшін сауап беріледі ме?

Екі дүние сардары Мұхаммед пайғамбарымыздың әрбір амал-әрекеті – адамзат үшін асыл мұра, адастырмас ақиқат жол екендігі даусыз. Ендеше, сүйікті пайғамбарымыз жасаған әрбір амал-әрекетті қайталау – біздерді сауапқа кенелтері сөзсіз.

Сүннеттердің ішіндегі ең нәзігі – сыйлық жасау дәстүрі. Бұл адамдардың арасында достық пен сүйіспеншілікті нығайтады. Әбу Һурайра (р.а.): «Бір-біріңе сыйлық жасаңдар, бір-біріңді жақсы көресіңдер» – деген хадис жеткізген.

Осы орайда сыйланған заттың қымбат-арзандығына қарамастан, шын көңілмен қабыл алудың да пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті екенін ұмытпағанымыз жөн. Алла Елшісі (с.ғ.с.) жай қарапайым затты сыйлық етіп берсе де қабылдайтын. Әнас бин Малик (р.а.): «Пайғамбарға (с.ғ.с.) Барира өзіне садақа етіп берілген етті сыйлады. Сонда пайғамбар (с.ғ.с.): «Бұл ет оған (Барираға) – садақа, ал бізге – сыйлық», – деген екен»

Бұл сүннетті орындау үшін аса көп қаражат жұмсаудың қажеті шамалы. Кітапша, гүл, қаламсап сияқты қарапайым заттарды шын ықыласпен ата-анаға, әйеліне немесе күйеуіне, аға-ініге сыйға беру олардың көңілін бір марқайтып тастайтыны белгілі.

дереккөз: muslim.kz

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған