2018 жылы Қазақфильм халыққа 48 жаңа туынды ұсынбақ

2018 жылы Қазақфильм халыққа 48 жаңа туынды ұсынбақ, деп хабарлайды shynyrau.kz «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне сілтеме жасап.

Олар:

18 көркем толықметражды фильм. Оның ішінде «16 қыз – 2» комедиясы, «Шыңырау», «Балуан Шолақ»  көркем фильмдері бар.

21 деректі толықметражды фильм. Мысалы, «Қаз дауысты Қазыбек би», «Алаш туы астында», сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа, терроризмге қатысты түсірілген деректі фильмдер бар.

6 қысқа метражды дебюттік фильм.

2 толықметражды анимациялық фильм: «Күлтегін» және «Мұзбалақ».

Сонымен қатар, Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмі, «В эпицентре мира: Путь Лидера» атты фильмі, Жақсылық Үшкемпіровке арналған «Жеңімпаз» көркем фильмдері де дайын болуы керек.

 

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған