Ерлан Біләл – қазақ өнеріне керек азамат!

Ерлан Біләл осы театрда өсіп-жетілген, театрдың шынайы жанашыры. Қазақ өнерін жанымен сүйетін азамат. Сондықтан да, басына түскен мына жағдайға алдыңғы аға буын ретінде үн қоспай тұра алмадым. Ол менің туысым да, руласым да, жерлесім де емес! Тек, өнер үшін өз денсаулығына да қарамай, азаннан кеш жалықпай еңбек етіп жүрген азамат тағдырының талқыға түсіп жатқаны, жаныма батты. Жүрегім ауырды.

Бұл белгілі бір адамдардың қолынан шыққан, ұйымдастырылған іс болса, сол адамдарға айтарым: айналайындар, сендер бір адамның тағдырына балта шауып отырған жоқсыңдар, қазақ өнеріне қиянат жасап отырсыңдар! Өз ісіне мығым, білікті басшы, адал адамды қаралау  «адам өлтіргенмен тең» ауыр күнә деп түсінемін!

Мұндай жағдай кезінде Алаш арыстарының да басынан өтті. Бұл да Алланың сынағы.

Ерлан Біләл –  қазақ өнеріне керек азамат! Бұл сөзімді онымен қызметтес, әріптес жандардың растайтынына сенімдімін!

Ер жігіттің басына нелер келіп, не кетпейді?

Біз әрқашан жаныңдамыз!

Сабырлы бол, бауырым!

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділмановтың “Ұлт” порталына жарияланған мақаласынан үзінді

 

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған