Ризабек Батталұлына жабылған жала

Ризабек Батталұлының: «Әйелді ұрып тұруға болады», – деген бейне материалы əлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Анығында əлеуметтік желіде тараған бейне материал осыдан үш жыл бұрын жазылған. Бұл видео қазір қандай мақсатта жарияланып жатқаны бір Аллаға ғана мəлім.

Расында, бұл түсініксіз қиып алынған бейнежазбада ұстазымыз жамағатпен арнайы дәріс өткізіп жатыр. Сол себепті діни сауаты аз адамдар үшін нәзік әрі күрделі мәселе…

Бұл жердегі үлкен түсініспеушілікке мына бір мысал сабақ болар:

«Баяғыда бір даукес, бәлеқор адам қала әкіміне келіп, мешіт имамының халықты шатастырып жүргенін айтып, шағым түсіріпті. «Мешіт имамы қандай ісімен, нендей сөзімен халықты адастырып жатыр?» – депті имамды жақсы танитын әкім таңқалған күйде. Әлгі бәлеқор адам: «Ойбай, әкім мырза, айтпаңыз, имам мешіт жамағатын жиып алып, “Есек ақырса, кісінің дәреті бұзылады” – деп ешбір кітапта жоқ, Құранға қайшы пәтуа берді. Сенбесеңіз сол жердегі жамағаттан сұраңыз» – депті саспастан.

Әкім мәселенің анық-қанығын білу үшін әлгі мешіт имамын құзырына шақыртып алып: «Мына адам сені халықты шатастырып: “Есек ақырса, кісінің дәреті бұзылады” – деп пәтуа берді дейді. Осы айтқаның рас па?» – дейді.

Имам: «Олай дегенім рас, әрі ол дұрыс пәтуа! Бірақ мына кісі мешіттегі дәрісіме кешігіп келді. Сосын сөзімді аяғына дейін тыңдамай ерте кетіп қалды. Сөзімнің басын да, аяғын да толық тыңдамай тек ортасын ғана шалыс естігендіктен қателесіп отыр. Мен ол кезде дәретке қатысты бір мәселені халыққа түсіндіріп жатқам. Мәселенің бас-аяғы былай:

“Бір кісі есегіне дәрет алатын суын артып, шөл далаға сапарға шықса, сосын жол ортасында әлгі есегі дәрет суымен бірге қашып кеткен жағдайда, су болмағандықтан намазын тәйаммүм алып оқиды. Егер намазға тұрған кезде, есегінің ақырғанын естісе, онда әлгі кісінің дәреті бұзылады. Өйткені есегінің ақырғаны – қайтып айналып келгендігінің белгісі. Ендеше, су табылғанда, тәйаммүммен алынған дәрет жарамсыз” – деген едім. “Мына адам жамағат ортасында үнемі осылай бәле іздеп жүреді. Менің сөзімнің ортасын ғана қиып алып, сізге қисық жеткізіп отыр” – дейді. Имам сөзінің дұрыс екеніне көзі жеткен әкім әлгі бәлеқор адамның өзіне жаза қолданыпты».

Егер Астана телеарнасының таратқан жаңалығына назар аударсаңыз «ашықтан ашық әйелдерді ұруға шақырады» деп жала жауып отыр. Расында ұстазымыз Құран аятын тәпсірлеп, Ислам ғалымдарының сөздерін келтірген болатын. Алла Тағала бұл туралы ән-Ниса сүресінің, 34 – аятында: «Ал сондай-ақ әйелдердің бағынбауынан қауіптенсеңдер, сонда оларды насихаттаңдар (жылы сөзбен дұрыстаңдар) және (одан болмаса) төсектеріңде тастап қойыңдар (бөлек ұйықтаңдар). (Одан болмаса) оларды ұрыңдар. Ал егер олар сендерге бой ұсынса, онда оларға қарсы жол іздемеңдер», – деп айтады.

Қазір халықтың әрі діни әрі саяси сауаты артып, көздері ашылды. Сондықтан кез-келген өсек әңгімемен халықты алдап-арбау ендігәрі қолдарыңыздан келмейді. Расында жапқан жалаларыңыз өздеріңізге масқара боп қайтады. Қазақта «әйелді бастан, баланы жастан» деген сөз бар. Сол себепті Баян Есентаева секілді оттамай, тілшілер қауымын ойланып сөйлеуге шақырамыз.

Мәлімет Вконтактедегі “namystv/ұлтжанды бауырлар қауымдастығы” парақшасынан алынды

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған