Дұрыс тамақтану. Адамға пайдалы және зиян өнімдер

Күнделікті дұрыс тамақтану дегенді диетолог мамандар сіз тұтынатын тағамның 50% көмірсудан, 30% ақуыз, ал 20% пайызы майдан құралуы тиіс деп есептейді. Мәселен, әйел заты күніне 1800 ккалориялық тағам, ал ер адам 2100 ккалория болатын тағам тұтынатын болса ол ең бірінші жұмыс белсенділігіне байланысты болмақ. Сол себепті күнделікті жейтін асыңыздың құрамы ағзаға қажетті дәрумен мен минералды заттарға жеткілікті деңгейде толы болуы тиіс

Таңғы астың түрлері:

  • Сұлы жармасынан жасалған ботқа ағзаға өте пайдалы. Сұлы жармасын суға немесе майлылығы аз сүтке пісіріп, мейіз қосып жеген өте сіңімді. Бұл мәзірді жүгері, бидай жармасы, тары секілді өзге де дәнді дақылдармен алмастырып отырған жөн.
  • Кей күндері нанның қара түрінен жасалған тіскебасармен алмастыруға болады. Арасына тауықтың төс етін немесе балық өнімін сондай-ақ қызанақ пен қияр, майлылығы аз ірімшік, салат жапырақтарын салуға болады.
  • Бұдан өзге таңғы асқа екі жұмыртқадан омлет пісіріп жеген пайдалы. Қосымша түрлі жеміс-жидектерлен жасалған жеңіл салат жақсы үйлеседі.
  • 200-300 гр қаймақ қосылған ірімшік ағазаға өте пайдалы.

Диетолог мамандар түскі асқа көмірсуға бай өнімдер мен ақуызды тұтынуға кеңес береді.

Ал, кешкі ас ақуызға бай болғаны абзал. Кешкі астың уақыты 19:00-ден кешікпегені дұрыс. Егер сіз спортпен шұғылданатын болсаңыз және жаттығуларыңызды кешкі уақытта жасайтын болсаңыз міндетті түрде спорт залдан кейін ақуызы бар тамақ жеген дұрыс. Мәселен, 2 жұмыртқаның ағы немесе 1 стакан айран, 200 гр тауықтың төс еті.

Ал, таңғы ас пен түскі астың сондай-ақ түскі ас пен кешкі астың арасында жүрек жалғайтын сәтте 20-25 гр жаңғақ, немесе жасунық қосылған (клечатка)1 стакан айран, майлылығы аз ірімшік, алма немесе банан жеген дұрыс

Егер сіз дұрыс тамақтануды қолға алсаңыз келесідей тағамдарды мүлде тұтынбаған абзал:

Таңғы асқа арналған құрғақ қоспалар (мюсли)

Шокалад, кондитерлік өнімдер

Ақ нан, құрамында ашытқы бар өнімдер

Фастфуд, чипсы, кітірлегіш

Табиғи емес шырындар

Газды сусындар

Алкогольды ішімдіктер

Бақытгүл Абайқызы
el.kz

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған