Бас сақинасын үй жағдайында тоқтату үшін

•  Сәбіз, қияр және саумалдық шырындарын ішу керек, шикі пиязбен маңдайға компресс жасаған немесе құлақты пиязға шыланған мақтамен тығындаған дұрыс;

•  Бас сақинасы басталар алдында тәтті немесе ащылау тағам жеген жөн;

•  Жаңа лимонның кесілген түйірін самайға қою керек;

•  Күн сайын таңертеңгісін екі ас қасық аскөк шырынын ішу керек;

•  Лаванда гүлі мен мелисса жапырақтарының бір-бір уысына қайнаған су құйып, 15 минут қойып қояды, тұндырмасын шомылғыға құйып, оған 20 минут жатады. Су температурасы 37°С болуы керек;

•  Қыша қосылган шомылғы да жақсы жәрдемдеседі. Бір уыс қыша ұнтағын 50°С-ге дейін ысытылған суға салып, ботқаға айналғанша араластырады. Содан кейін оны 38-39°С-қа дейін қыздырылған бір шелек суға салып араластырады. Оған қолды немесе аяқты батырады.

Бұл жалпы шомылғыға қарағанда тәуір әсер береді. Ал ,жалпы шомылғыны 5-10 минут ғана қабылдау керек. Денеге жұққан қышаны себілмен шаюға болады;

•  Бас сақинасының алғашқы белгісінде лаванда майының 20 тамшысы мен тәтті бадам майын араластырып, самайға басады да, сипалайды.+

•  Сәбіз (3 бөлік), бақбақ (1 бөлік), саумалдық (1 бөлік) шырындарының қоспасын  тамақтан бұрын күніне 3 рет ішу керек.

Гүлнәр НҰРЛАНБЕКОВА,
дәрігер-невропатолог
muslim.kz

 

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған