Астанада дәстүрлі әншілер мен жыршылардың концерті өтеді

Астанада Қазақ Ұлттық өнер университеті “Дәстүрлі ән” кафедрасы ұстаздарының шығармашылық концерті өтеді деп хабарлайды shynyrau.kz

“Шалқар шабыт” деп аталған концерт ҚҰӨУ 20-жылдық мерейтойына арналған. Концертке Қайрат Байбосынов, Алмас Алматов, Амандық Көмекұлы, Айгүл Қосанова, Елмұра Жаңабергенова сынды бірқатар кафедра ұстаздары қатысады.

Концерттік бағдарламада халық әндері  мен халық композиторларының әндері мен жырлары орындалады деп күтілуде.

Басталуы: 15:00
Күні: 26-қаңтар (жұма), Шабыт ғимараты.

 

 

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған