Енді Гвардейская, Школьная емес Әйтеке би, Төле би көшелері деп аталады

Ақмола облысының Сандықтау ауданы әкімдігінің қоғамдық кеңеске қатысушылары бірқатар ауылдардың көшелер атауын өзгертуге дауыс берді, деп хабарлайды shynyrau.kz Ақмола облысы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Каменка ауылындағы Заготзерно көшесіне Қанай бидің есімі берілді.

Ұлан ауылындағы Гвардейская, Степная және Школьная көшелері – Әйтеке би, Қанай би, Төле би болып өзгертілді.

Мысок ауылындағы Набережная көшесі – Қазыбек би көшесі болып аталды.

Сандықтау ауданы тұрғындағы  осылайша  мемлекет және құқықтық жүйенің қалыптасуында маңызды рөл атқарған қазақ билерінің есімін қайта жаңғыртты.

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған