Ғалымдар: Интернетте екі сағаттан артық отыру адамның денсаулығына өте зиян

Калифорниядағы Сан-Диего Университетінің психологтары жасөспірімдердің әлеуметтік желіде қанша уақыт отыруға болатынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі The Sun-ға сілтеме жасап.

Ғалымдардың пікірінше, балалардың әлеуметтік желілер мен интернетті пайдалану уақыты шектеулі болуы тиіс. Олардың өздерін «бақытты сезінуі» үшін әлеуметтік желіде күніне бір сағат отыруы жеткілікті көрінеді.

Мамандар жасөспірімдердің балалық шақта әлеуметтік желілерді ұзақ уақыт қолдануы денсаулыққа өте зиян дейді. Әлеуметтік желіге тәуелділік олардың нашар көңіл-күйі мен депрессияға түсуіне, ұйқыларының бұзылуына себеп болады.

Америкалық ғалымдардың зерттеуіне 13 пен 18 жас аралығындағы миллионнан астам жасөспірім қатыстырылған.

Осының ңәтижесінде жасөспірімдердің интернетте екі сағаттан артық отыруы олардың психикасына кері әсер ететіні белгілі болған.

Зерттеуді жүргізген профессор Жан Твенгенің айтуынша, балалардың дұрыс ержетуі үшін интернет пен гаджеттерді шектеген дұрыс. «Күніне компьютерде немесе смартфонда тәулігіне екі сағаттан артық отырмауға кеңес беремін», – дейді ол.

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған