Жылқы етін жеу – харам емес!

Жылқы етін жеу – харам емес. Бұл жайында баяғыда -ақ арнайы үкімдер айтылып шығарылған. Дегенмен халық арасында әлі де жаңсақ пікір болғандықтан назарларыңызға еліміздің Бас мешіті “Әзірет сұлтанның” ресми сайты muslim.kz-те жарияланған жауапты ұсынбақшымыз:

“Ханафи мазһабы бойынша жылқы еті – халал. Әнас бин Маликтің (р.а.): «Біз Пайғамбар (с.ғ.с.) заманында жылқы етін жеуші едік» (Әл-Ихтияр, 5-бөлім, 462-бет) – деген риуаятын Әбу Юсуф пен Мұхаммед (р.а.) негізге алады. Сондай-ақ, «Пайғамбар (с.ғ.с.) Хайбар күні үй есегіне тыйым салып, жылқы етіне рұқсат берді», – деген де риуаят бар (Бұхари, Муслим)

Бұған қоса, сахаба Жабир (р.а.): «Хайбар жорығында жылқы, қашыр және есекті сойып қазанға астық. Алла елшісі (с.ғ.с.) қашыр мен есек етіне тыйым салды да, жылқы етіне тыйым етпеді», – дейді (Әбу Дауд). Міне, сондықтан жылқы еті – халал (Әл-Лубәб, 535-бет)

Ал, Халид бин Уалид (р.а.) риуаят еткен «Пайғамбар (с.ғ.с.) жылқы, қашыр және есек етін жеуге тиым салды» деген хадисіне тоқтала кетсек (Ахмед, Әбу Дауд, Насаи, Ибн Мажа). Ат жорықта аса қажет болатын. Сонымен бірге, Құран Кәрімде: «Әрі жылқыларды, қашырларды және есектерді мінулерің үшін, сонымен бірге көрік етіп те жараттық…» (Нахыл сүресі, 8-аят) – деген аят аттың ер қанаты әрі қазынасы екенін көрсетеді. «Ат – жеті қазынаның бірі» деген ата-бабамыз да бәйгеге қосатын сәйгүлігі мен ел қорғаған батырлар мінген тұлпарын қазанға аспаған”.

shynyrau.kz

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған