Қазақ жеріндегі “Указной молдалар” жайлы

фото интернеттен алынып, көрнекілік үшін қойылды

Құрбанғали Халид: «…Сонда да болса қазақ ауылдарына әр болысқа бір-бірден ноғайдан молда тағайындатып алу үшін ақша жинап беріп Уфаға қатынасқа шықты. Молдалар күймелерімен желдіртіп, указдарын алып, мойындарына шынжыр баулы сағат салып, тойлап қайтқандай болып келіп, кетіп жатты.

Қағаз алған молдалар сондай бір істер істеді: онымен не дінді, не дүниені ұстай алмайсың. Бір адам өлсе указной молда болмаса, яки оның атынан бармаса жаназа оқылмай кейбір жағдайларда өлікті сасытып, «обалына қалмайық» деп  біреулер жаназа  оқып қойса, ол адам қуғынға ұшырайтын болды.

Жергілікті ел молдалары белдерін берік буып, намыс жалауын көтеріп неше жерден арыз жазып, ақшаларын шығындап, ақыры мүфтидің қабылдауына жетіп, осылайша он жылға жетер жетпес жетпес өлгендерге билік жүргізген «указной молдаларға»  тыйым салынды»

Дерек: Б. Қайратұлының «Қазақия қалай отарланды?» еңбегінен алынды

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған