М. Шаханов оқуларын жеңіп алған тәжік қызы: Мен ол кісінің өлеңдерін өте сүйіп оқимын

Мұхтар Шаханов оқуларында тәжік қызы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды shynyrau.kz Алматы арнасына сілтеме жасап. Қазақтың дара перзентінің шығармашылығына арналған республикалық байқау осымен 2-рет өтіп отыр.

«Өскелең ұрпаққа ақын шығармашылығын дәріптеп, әсіресе, тіл тағдырын жете түсіндіру мақсатымыз», – дейді ұйымдастырушылар. Аталмыш сайысқа қатысуға барлығы 410 жеткіншек ниет білдіріп, олардың ішінен 95 бала бүгінгі байқауда бақ сынады. Сайыс екі кезеңнен тұрды. Шахановтың екі өлеңін жатқа оқу және ақын өмірі мен шығармашылығынан келетін сұрақтарға жауап беру. Поэзияға құмар мектеп оқушылары Шығыс Қазақстан, Оңтүстік, Қызылорда, Алматы облыстарынан келген. Шахановтың сиясы кеппеген өлеңін оқып, ақынның өзін таң қалдырған тәжік қызы Ситора байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды.

«Ол кісінің патриоттық сезімі ұлтына, өлеңіне деген өзінің тіліне деген құрметі ұнайды. Мен басқа ұлт өкілі болсам да ол кісінің өлеңдерін өте сүйіп оқимын», – деді Республикалық М. Шаханов оқуларының жеңімпазы Ситора КОСИМОВА.

«Әрбір адам шындық биігінен, ұлттық мүдде биігінен көріну керек. Мынау менің атымнан өтіп жатқан жиынға қатысқан бүлдіршіндерге ылғи да сол шындық биігінен көріне берсін деген тілек айтамын», – деді ҚР халық жазушысы, ақын Мұхтар ШАХАНОВ

 

 

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған