Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев бизнеске кеткенін айтты

– Сіздің Ұлыбританияда білім алғаныңызды білеміз. Осы орайда, өзіңіздің студенттік кезіңіз туралы айтып өтсеңіз…
– Кезінде спорттың соңынан жүремін деп көп нәрседен қағылдым. Әсіресе, білімнен. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін шетел асуға тура келді. Қалай десек те, студенттік кездер – менің ең әдемі сәттерімнің куәсі. Еуропа елдерінің қалай өмір сүретіндігін екі жыл сонда тұрғанда өз көзіммен көрдім. Ол жаққа қыдырып барған бір бөлек, сонда өмір сүру мүлдем басқа. Еуропаға оқуға түсуім қазіргі «Тарлан батырлары» жобасының алғашқы қадамдары болатын. Себебі мен ол жақта бизнес-менеджмент саласы бойынша білім алдым. Яғни іскерлік қабілетімді жетілдіріп, кәсіпкерліктің қыр-сырына қанық болдым.
Англияда алған білімімнің де берері өз алдына бір төбе. Мұнымен тоқтап қалмаймын. Биылғы оқу жылы басталғанда Қарағанды экономикалық университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистратураға емтихан тапсырып, одан сүрінбей өттім. Әрине, күнделікті сабаққа баруға мүмкіндік бола қоймас. Десе де, әр қорытынды тоқсанда өзім барып емтихан тапсырып, тиісті бағамды алып отыратын боламын. Бұл менің өмірімдегі жетінші дипломым болады (күліп)


– Болашақта мемлекеттік қызметке ауысу ойыңызда бар ма?
– Мен жеке кәсіпкермін. Осы кәсіппен жетістікке жетіп, шалғай аймақтардағы жастарымызды спортқа баулуды көздеп жүрмін. Бәлкім, осы саланы белгілі бір деңгейге жеткізген соң, мемлекеттік қызметке ауысатын шығармын. Бірақ жуық арада емес.

Ақ жол газетінде жарияланған сұхбатынан үзінді

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған