Қазақтың Қазақстаннан кетудің 4 себебі

“Қазақстаннан көшіп бара жатқан қазақ шындықты айтып кетті” деп kaz.365info.kz сайтында арнайы мақала жарияланыпты. Оқи келе, біз де бұл мақаланың кейбір тұстарын өз оқырмандарына ұсынбақшымыз. Әрине, бұл ақпарат  шындыққа жанасады деп толық сеніммен айта алмаймыз. Десе де, ішіндегі көптеген мәселелермен күнделікті өмірге бетпе-бет кездесіп жүрген жайымыз бар. Сонымен, Қазақстаннан кетудің 4 себебі:

1. Тілсіздік. Біз үшін түк өзгерген жоқ, негізінде. Орыс тілі – орыс тілі болып қалды. Мемлекеттік деген мəртебесі бар қазақ тілі оның орнын алмастыра алмады.Тек ертең менің баламның да дəл мен сияқты айыртілді мемлекетте өмір сүретініне өкінемін. Ол да мен көрген қиындықты көреді. Мен сияқты құжатты қазақша толтыруды, менімен қазақша сөйлесуді талап етіп елге «жексұрын» болып жүреді.

2. Үмітсіздік. Теңге құнсызданды. Жанармай қымбаттады. Азық-түліктің бағасы өсті. Мемлекетім мені баяғыда-ақ ұмытқан. Бақытты болашаққа сенгенім үшін ұяламын қазір. Бұл елде тұрсам өмірдің қызығын көрмей өтерімді білем. Өлерімді… Өйткені менің мемлекетім айтатын бақытты болашақ ешқашан келмеуі, ешқашан орындалмауы мүмкін.

3. Үйсіздік. Қазақ неге үйсіз? Əсте жалқаулығынан емес. Олай ойламаңыз. Фукуяманы оқығанымыз бар. Ойшыл. «Тарихтың ақырын» жазған. Сол айтады. «Қазіргі заманда байлық адамға ата-бабасы қалдырған мұрамен өлшенеді». Үйлі, үй алған қазақтар көп əрине. Оларға қуаныштымыз. Бірақ бəрібірде қазақ үйсіз. Көп жағдайда солай.

4. Тəуменділік. Немесе демократиясыздық. Мемлекетіміз былай дейді: «Біз Шығыс халқымыз. Батыстың ой-пайымдары біздің түсінікпен үйлесе бермейді». Солай шығар, бəлкім. Бірақ мұнымен не дегісі келеді мемлекеттің? Қазақстанға демократияның келуі неғайбыл. Шығыс халқы, анық айтқанда, азиат болғанымыздан демократияға икемсізбіз дегені ме?

 

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған