Қазақ Қуат “Найман” Хамитовтың қадіріне жетпей жүр

Қуат “Найман” Хамитов… Бұл есімді бәрі де білетін шығар. Ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы, түрлі оқиғаларға өзінің пікірін тайсалмастан айтып жүрген сабаз. Жақында kaz.365info.kz сайтында “Қазақ Қуат Найманның қадіріне жетпей жүр” деген мақала жарияланған еді. shynyrau.kz өз оқырмандарына осы мақаланың негізгі тұстарын ұсынып отыр.

“Спортшылардың арасында қазақ қадіріне жетпей жүрген жігіттердің бірі – Қуат Найман, біздіңше. Оны сөктік те. Головкинге қатысты пікір білдіргені үшін басы бәлеге қалды. Оның өзге жазбаларын оқығандар бар ма осы? «Қолымнан бірдеңе келсе, онда бірде-бір қазақтың қызы аттың басындай алтын берсе де қытайға үйленбес еді! Әйтпесе, тіпті, біздің әйелдерімізге үйленуге ойы бар адамның басын алар едім. Ал бұл иттер кезінде кімнен қашқанын және мына ұлы қытай қақпаларын не үшін соққандарын ұмытпасын», – дейді Қуат.

«Егер жалғыз адам ми батпақты әлемдегі мықты экономикасы бар елге (Сингапур) айналдыра алса, онда неге Құдайдың өзі берген байлыққа толы елде бұл мүмкін болмай отыр? Бізде неге жұмыссыздық көп? Неге қызыл диплом алғандар базар жағалап жүр? Неге әр қазақтың басында баспана жоқ?», – дейді Қуат.

«Меніңше, осы уақытпен өмір сүретін кез келді. 2050 жылды күтудің қажеті жоқ. Мәселені тап қазір, осы жерде шешу керек» дейді ол тағы да.

Анығында, «Алға Қазақстан» деп айғайлайтындар патриот емес, халқының мұң-мұқтажын жан-тәнімен сезінетін адамдар патриот», – дейді ол тағы бірде.

Бұл Қуаттың аузынан шыққан отты пікірлердің бір парасы ғана. Қарапайым ғана. Қиындатып отырған дәнеңесі жоқ. Халыққа қажетті, халыққа жақын дүниелерді сөз етіп отыр. Қуаттан өзге қай спортшы өстіп айтты? Жоқ, олар айта алмайды. Айтқысы келмейді.

«Алға Қазақстан» дегеннен әріге аспайды олар. Бар айтары сол олардың. «Алға Қазақстан…». Алға баса алмай жатпағанымыз анық, негізінде.

Ал Қуаттың қадіріне жетпей жүрміз. Бағаламай жүрміз. Бағаланбай өтуі де мүмкін…

 

 

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған