Футболшы Еркебұлан Сейдахметтің болашағы жайында екі түрлі пікір

Қазақтың жас футболшысы, болашағынан көп үміт күттіріп отырған Еркебұлан Сейдахмет қай клубта ойнайтыны әлі де білгісіз, деп хабарлайды shynyrau.kz тілшісі.

Жақындаға ғана Ресейдің премьер-лигасында ойнап жүрген “Уфа” клубымен жаттығу өткізіп жүрген ойыншы өзінің инстаграм жазбасында жариялаған фотомен көптің назарын аудартты. “Ары қарай жүреміз” деген жазбасынан кейін жұрт түрлі пікір айта бастады.

Vesti.kz сайтының мәліметіне сәйкес, “Уфа” клубы 18 жасар ойыншы үшін қажетті трансферлік қаражатты төлегісі келмейді. Сондықтан, Сейдахмет өзге клубта ойнауы мүмкін деп жазады.

Дегенмен, Вконтактедегі клубтың ресми парақшасында Финн Парнишка есімімен тіркелген қолданушы “Жаңа ғана клубтағы адамдармен сөйлестім, көп кешікпей қайтып келеді” деген пікір қалдырыпты.

shynyrau.kz

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған