Болатхан Тайжан: Мен президентке: «Қазақстан «проходной двор» болды», – деп айтқанмын

– Орыс баспасөзі осы үшін сізді ұлтшыл деп таныр еді…

– Жоқ. Бұл – ұлтшылдық емес, мемлекеттің қандай болу қажеттігінің алғы шарты. Қай мемлекетті зерделесеңіз де, ол бір ғана ұлттан, бір ғана діннен құралған емес. Бірақ бұл мемлекеттердің негізі – халық. Яғни, қай мемлекетті алып қарасаңыз да, сол мемлекет сол халықтың мемлекеті болып табылады. Ал Қазақстан бұл жағынан кенжелеп отыр. Бізде қазір тіл, шекара, азаматтық беру, азаматтардың келіп-кетуі мәселесіне келсек те, мемлекеттік тұрғыдан таразылайтын көзқарас жоқ. Қазақстанда кім келем, қанша тұрамын, не істеймін десе де – есік ашық.Мен кезінде президентке: «Қазақстан, орысша айтқанда, «проходной двор» болды», – деп айтқанмын.

Шын мәнінде, мемлекет үлкен үй сияқты. Онда тұратын адамдар болады. Бірақ олардың барлығы иесі бар үйдің ішінде тұрғандай сезінулері тиіс. Қазақстанда басқа қазақ емес азаматтар тұрады, тұрсын, тұра берсін. «Қазақстан – қазақтар үшін!» деген сөзді айтудан аулақпын. Бұл ұғым – бізге жат, қасаң түсінік. Бірақ мен «Қазақстан – қазақ халқының елі» дегенді баса айтқым келеді. Мәселен, сыртқы істер министрлігін алайық, қазір онда сіздің қазақ тілін білу, білмеу мүмкіндігіңізге ешкім көңіл аудармайды.

Ютубтағы “Болатхан Тайжан Қоры” атты аккаунтта жарияланған видеодан үзінді.

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған