Ұлттық музей мен Ассамблеяның бұрынғы басшысы Мәжіліс депутаты болды

Дархан Мыңбай Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты атанды, деп хабарлайды shynyrau.kz

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 5, 6-тармақтарына, 98-бабына сәйкес және «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінің Саяси кеңесі Бюросының 2018 жылғы 13 ақпандағы №2 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутатының босаған мандаты «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінің мүшесі Дархан Қамзабекұлы Мыңбайға берілсін.

2. Дархан Қамзабекұлы Мыңбай Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.

3. Дархан Қамзабекұлы Мыңбайға белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған