Вице-министрдің жалақысы 600 000 теңге, халық не деп жатыр?

ҚР Бiлiм және ғылым вице-министрi Бибiгүл Асылова өз жалақысының көлемiн жария еттi. Оның айтуы бойынша, “Мен қолыма шамамен 600 мың теңге жалақы аламын” деді. Осыған орай, shynyrau.kz білім саласындағы басшының бұл сөзінен кейін қарапайым интернет қолданушыларының пікірін келтіріп отыр.

Жансая Иманбекова: “Ал, біз алпыс мың аламыз, косымша ақы берилмейди”

Гаухар Ергазиева: “Неге сондай үлкен жалақы? Профессор 25 жыл стажы бар, бүкіл дəрежесіне төленетін ақшаны қосқанда 150000 тенге айлық алуға құқығы бар. Сонда қалай?”

Мурат Аккозов: “Оданда көп болуы мүмкін, шамамен дегеніне қарағанда”

Бекзат Есмаханбетова: Мұғалімдердің жалақысы 200 000 болса қуанар едік”

Ханым Изетова : “Республикалық деңгейдегі басшы солай алу керек болар. Нағыз білім берумен, халық баласына тікелей қатысты мұғалімге 200000 мың берсе, ол да болар еді”.

 

 

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған