Сенатор: Мұғалім қауқарсыз, құқығы тапталған адамға айналды

Парламент Сенатының депутаты Динар Нөкетаева ҚР Премьер-Министрінің атына депутаттық сауал жолдады. «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі келтірген ақпараттына сәйкес сенатор мектеп мұғалімінің абыройы туралы сөз еткен.

“Ұстаздарға деген де құрмет ерекше болуы керек. Мемлекет мұғалімдерді жан-жақты қолдау шараларын жүргізуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет мұғалімнің мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 30 пайызға арттыру туралы қаулы шығарды. Солай болғанымен, қазақстандық ұстаздардың өздері білім беріп жүрген оқушыларынан қысым көруі әділетсіз болып табылып отыр десек артық болмас. Ұстаздарды балағаттау, тіпті қол жұмсау, балалардың тәрбиесіздігіне кінәлау, тағы сол секілді материалдарды БАҚ пен әлеуметтік желілерден көріп жүрміз.

Бүгін ата-аналардың тарапынан балалардың көзінше мұғалімдерге әртүрлі балағат және дөрекі сөздерді қолдану арқылы жас жеткіншектердің өз ұстаздарына жеккөрушілікті туғызып, оларға деген құрметтің төмендеуіне әкеліп соғуда. Мұғалім бейнесі қауқарсыз, құқығы тапталған адамға айналды. Ұстаздарға деген сенімсіздік күннен-күнге, ата-аналардың тарапынан үдемесе бәсеңдеген жоқ. Өйткені, диктофон, фотоаппарат, мобильді телефон қолдану арқылы оқушылар мұғалімдердің беделін түсіріп жатыр», – дейді Динар Нөкетаева.

 

 

 

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған