Маңғыстаулықтар солтүстікке неге көшіп жатыр?

Маңғыстау облысында еліміздің солтүстік өңірлеріне қоныс аударушылар үшін 156 квота бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірде өткен жылы басталған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы»  аясында  70-тен астам адам  өзге өңірлерге қоныс аударған. Биыл солтүстік өңірлердегі 27 жұмыс беруші білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару, ауылшаруашылық және құрылыс салалары бойынша 2430 бос жұмыс орнын ұсынып отыр. Ақтауда осы мәселеге қатысты жәрмеңкені облыс әкімінің орынбасары Шолпан Ілмұханбетова ашып берді. Ол халықты еңбек күші жетіспейтін республикамыздың солтүстік өңірлеріне халықты қоныстандыру өте маңызды қадам екенін атап өтті.

Мұнайлы елдің тұрғындарының көпшілігі Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстанға көшкен. Бұл жобаның басты мақсаты – еңбек күші аз аймақтың сұранысын қанағаттандыру. Ал, маңғыстаулықтар болса тұрақты жұмыс және тұрғын үйге қолжеткізуді қалайды. Аталған өңірдің түрлі мекемелері аймаққа келіп, бос орындар жәрмеңкесін өткізді. Оған 100-ге жуық тұрғындар келді.

 

 

 

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған