Әлия Назарбаева Ақан Сатаевтың жаңа киносы “Томирис” туралы пікірін айтты

“Томирис” фильмінің бас продюсері Әлия Назарбаева картинаны түсіру жұмыстарының басталғанын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Қазақфильм” киностудиясының Эксперттік кеңесі алдында “Томирис” фильмінің қорғалымы өтті. Фильмнің өндірісін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы “Қазақфильм” киностудиясы “Сатайфильм” кинокомпаниясының қатысуымен іске асырады. Түсіру тобы қорғалым барысында дайындық кезеңінде атқарған жұмыстары туралы айтып беріп, өтпелі кезең түсірілімдері, тігілген костюмдер, дайындалған реквизиттер және түсірілім алаңдары туралы баяндап берді.

“Бұл еліміздің кино тарихындағы ең ірі тарихи киножобалардың бірі. Барлығымыз да осы жобаға үлкен жауапкершілікпен бар күшімізді салып отырмыз. Фильм арқылы тарихымыз тереңнен тартатынын және ата-бабаларымыз қалыптастырған салт-дәстүрімізді, мәдениетіміз без Ұлы дала рухын көрсетіп, дүйім көрерменнің көңілінен шығатын туынды түсіреміз деп үміттенемін”, – деді Әлия Назарбаева

Картина режиссері Ақан Сатаевтың айтуынша, Томиристің патшайым болуы фильмге арқау болады. “Біздің басты мақсатымыз  – б.з.д. V-VI ғасырларда Орта Азияны мекендеген, күнделікті тұрмыс-тіршілігімен, соғыс саясаты және өнерімен әлем тарихында өз орнын алған, сақ, массагетер сынды тайпалар қазақ халқының арғы ата-бабасы екенін дәлелдеу. Бұл фильм қазақ халқының мәдениеті мен дүниетанымының тамыры тым тереңде жатқанын дәлелдей түседі”, – дейді картина режиссері Ақан Сатаев.

Сонымен қатар, танымал кинорежиссер жиналғандарға түсірілген кейбір сахналарды көрсетті. Ол түсірілімдердің ерекшелігі және фильмдегі шайқас көріністерінің түсірілімдері қиын болатынын айтты.

 

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған