Мұхтар Тайжан: Халық маған сену үшін кедей болуым керек пе сонда?

– Заң жақсы болса, халық неге дүрлігіп жатыр әлі?

– Осындай арандатушылық хаттан кейін, әрине. Опоненттерге сөз бердім, эмоциядан басқа не айтты? Нақты дәлелдері жоқ. Бүгінге дейін заң оқыған адамды көрген емеспін. Оқысаң да түсінбейсің. Түсіндіретін мамандар болуы керек. Сондықтан мамандардың сөзіне құлақ асқанымыз жөн. Мен де мысалы бұл заңды түсіну үшін екі жыл уақытымды сарп еттім. Әр саланың өз мамандары болуы керек. Бірақ, халыққа өкпе арта алмайсың. Халық билікке сенбейді, ал арандатушылар соны пайдаланып отыр. Мұхтар билікке сатылып кетті, қараңыздар, өйткені ол бай дейді.

Мен ешқашан кедей болған жоқпын. Менің әкем де Құдайға шүкір, кедей болмаған. 2013 жылдан бері бизнесте жүрген адаммын. Маған сену үшін кедей болуым керек пе сонда? Жарайды, кедей болайын. Мен онда саясатпен айналыса алмаймын. Себебі саясатпен айналысу үшін де ақша керек. Керемет, қымбат үйде тұрады екен деп жазады. Бірақ мен жаман үйде тұрған емеспін. Мұның барлығы аргумент пе, айтыңызшы? Біз заңды талқылауымыз керек. Үлкен адамдардың мұндайды жазып жүргені өте ұят, бұл топастық.

Дереккөз: sputniknews.kz

 

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған