Энергетика вице-министрі миллиардтаған теңге жымқырды деп ұсталды

Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков пен бірнеше лауазымды тұлға жемқорлық дерегі бойынша ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахинға сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық іс-қимыл бюросының қызметкерлері Энергетика министрлігінің бірнеше лауазымды тұлғасын ұстады. Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков “Аймақ” ЖШС мердігерлік ұйымының басшысы Дуанбек Д.-мен біріге отырып, бюджеттен аса ірі көлемдегі қаражатты жымқырған. Ол қаражат Щучинск-Бурабай курорттық орнында өзенді тазалауға арналған қаражат болған. Осы қылмысқа Энергетика министрлігінің департамент басшысы Нұрбеков Ж. мен мердігер компанияның өкілдері Жұмалинов С. мен Қадырберлин Б. қатысқан. Сәдібеков қол қойған жалған актілердің нәтижесінде Энергетика министрлігі 2017 жылы орындалған жұмыстардың үлкен көлемі үшін 3,6 миллиард теңге төледі. Осы сомадан 1 миллиард теңгеден аса ақша қолма-қол төлемге айналдырылған. Тексеріс кезінде бұл ақшалар тәркіленді”, – делінген ведомствоның хабарламасында.

“2018 жылы өзен тазалауға бөлінген тағы 1,5 миллиард теңгені жымқыру дерегіне тосқауыл қойылды. Сәдібеков, Нұрбеков, Дуанбек, Жұмалинов және Қадырберлин ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады агенттік өкілі Нұрлан Жахин.

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған