Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа тағы ауысты. Промоутері қандай уәде берді?

Бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов түпкілікті кәсіпқой боксқа ауысып, британдық промоутер Эдди Хирнмен келісімшарт жасады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Бұл мәліметті 26 жастағы қазақстандық боксшының кәсіпқой боксқа ауысуына байланысты өткен баспасөз мәслихатында ресми растады.

“Сіздердің Олимпиада ойындарының чемпиондарыңыз бізбен жұмыс істейді. Біз басқа да Олимпиада ойындарының чемпиондары секілді Данияр Елеусіновпен келісімшарт жасады. Данияр бүкіл әлемді аралап жұдырықтасады. Қазақстанда да. Жүз пайыз біз оны чемпион етіп шығарамыз”, – деді Хирн.

Елеусіновтен бөлек, Хирн Энтони Джошуа, Келл Брук, Джордж Гроувз, Тони Белью, Амир Хан, Дэниэл Джейкобс және басқа да әлемдік бокс жұлдыздарымен жұмыс істейді.

 

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған