Қостанайдағы жалғыз қазақ тілді газетте қыз зорланғаны рас па?

Бүгін abai.kz порталында “Қостанайдағы жалғыз қазақ тілді газетте қыз зорланған” атты материал жарияланды. Авторы Боранбай Қайыр деп көрсетілген.

Материалдағы көрсетелген ақпаратқа сәйкес, жергілікті “Қостанай таңы” атты газетте қыз зорланып, оны құқық қорғаушыларға хабарланбағанын көрсетеді. ” ..осы басылымның ішінен әлеуметтік зерттеу орталығының ашылғанына көп бола қойған жоқ” дей келе, “ең сорақысы, осы орталыққа қызметке алынған Кәкімжанов деген азамат адам шошырлық қылмыс жасады. Ол осы орталыққа сауалнама жүргізуші ретінде жұмысқа орналасқан студент қызды зорлап, қорлық көрсеткен. Бірақ, бұл іс жылы жабылып, ың-шыңсыз Кәкімжановты жұмыстан шығара салумен ғана шектелді” дейді материал авторы.

 

 

 

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған