Польшада тегін оқығысы келетіндер үшін

Польша қазақстандықтарға бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқу гранттарын ұсынады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі bolashak.gov.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Білім гранттары Польша Үкіметі мен Қазақстан Үкіметі арасысындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы 2016 жылғы келісімге сәйкес жүзеге асырылады. Бакалавриат бойынша 3 орын, магистратура бойынша 4 орын және докторантура бойынша 4 орын бөлінеді. Келісім шеңберінде тегін оқу, жоғары оқу орнының жатақханасында ақылы негізде тұру мүмкіндігі және докторантура бағдарламасы студенттеріне арналған стипендия ұсынылады.

Факультеттер мен білім беру мекемелерінің тізімін nawa.gov.pl сайтынан білуге болады, сондай-ақ сауалнамаға қосымша құжаттар талап етіледі. Үміткер Астанадағы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ кеңсесіне келіп, талап етілетін құжаттарды өткізуі тиіс. Соңғы шешімді поляк тарапы қабылдайды.

 

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған