Футболшы ауруханаға 221 миллион теңге қаржы аударды

Ағылшындық «Ливерпуль» футбол командасында ойын көрсететін мысырлық футболшы Мухаммад Салах жақында тағы бір үлкен қайырымдылық іс жасады. Ол Каир (Египет) қаласындағы Балалар онкологиялық ауруханасына медициналық құрылғылар алу үшін 500 000 фунт стерлинг (бұл 221 миллионнан астам теңге) қаржы аударды.

Аталмыш ауруханада көбіне жұлын рагіне ұшыраған балалар емделетіндіктен, ем бағалары өте қымбат болып келеді. Мухаммад Салах осы қайырымдылығы арқылы емдеу құнын қалтасы көтере бермейтін ата-аналарға көмектескісі келетінін айтады.

Айта кетейік, мухаммад Салах осыдан сәл бұрын сүйек майын ауыстыру қажет болған науқас сәбиге ота жасалуына көмектесіп, шығынын өзі көтерген болатын.

дереккөз: muslim.kz

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған