“Наурыздан кейін теңгенің құны тағы түседі”. Экономистердің пікірі

Теңгенің болашақ тағдыры, яғни бағамы осы екі оқиғаға байланысты. Бұл жайындағы мәлімет  kaz.365info.kz сайтында жарияланды.

Сайттың пікірінше, олардың біріншісі — 21-наурызда өтетін АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесінің (ФРЖ) отырысы. Аталмыш отырыста несиелер бойынша проценттік ставканың көтерілуі жоспарлануда.

Екіншісі — 23-наурызда Ресей Орталық банкі директорлар кеңесінің отырысы өткізіледі. Онда несиелер бойынша шешуші ставканы төмендету күтіліп отыр.

Экономист Евгений Слесаревтің пікіріне құлақ ассақ, ФРЖ отырысы доллар бағамын оның негізгі бәселестері – евро мен британдық фунтқа қатысты нығайта түсетіні анық.

— Кейбір сараптамалық болжамдар бойынша, нарық ставканы 80 процентке дейін жеткізген бұл көтеруді ескеріп қойған. Ал кейбіреулер оның, тіпті, 85 процентке дейін көтерілетінін айтып, сәуегейлік жасауда. Тиісінше, нарықтағылар мұны асқан сабырлықпен қабылдауы мүмкін. Мәселен, доллар тек жекелеген валюталарға, мәселен, рубльге қатысты нығаяды. Бұл жаһандық нығаю болмайды.

Теңгеге келетін болсақ, оның бағамы аздап қана әлсіреуі мүмкін. Өйткені біз әлемдік қаржы нарығынан алыста жатқан елміз, — дейді экономист.

Евгений Слесаревтің айтуынша. Егер ФРЖ мүшелері ставканы көтермеу туралы шешімге келсе, өте бір қызық жағдай орын алмақ екен. Олай болса, нарықтағы доллар арзандауы мүмкін. Тиісінше, төл теңгеміз аз да болса нығая түспек.

— Егер барлығы ставканың көтерілетінін анық білгенде ешқандай әңгіме болмаушы еді. Дегенмен бұл мәселеде аз да болса екіұштылық бар. Мүмкін, федрезерв мұндай шешім қабылдауды кейінге қалдырар. Оның үстіне, қазір оны жаңа төраға Джером Пауэлл басқарып отыр, сондықтан одан не күтуге болатыны түсініксіздеу,

Сондай-ақ оның бұл лауазымда қаншалықты батыл болатыны да белгісіз, — дейді сөзін жалғастырған Слесарев.

— Шынын айтсақ, қазіргі мұнай нарығы көп жағдайда саяси оқиғаларға тәуелді. Атап айтсақ, АҚШ-тың сауда соғысы бойынша өзінің ең жақын көршілерімен қарым-қатынасы ушығып тұр. Ал бұл, өз кезегінде, мұнай бағасына проценттік ставканың өзгеруіне қарағанда көбірек әсер етеді, — деп атап өтті экономист.

Сондай-ақ Слесарев Ресейдегі несиелер бойынша проценттік ставканың төмендеуі қазақстандық нарыққа ешқандай өзгеріс әкелмейді деген сенімде.

— Әдетте, ставканың төмендеуі ұлттық валютаның арзандауына әкеліп соғады.

Алайда бұл жерде әзірге рубльдің қаншалықты арзандайтыны туралы айту қиын. Алдымен Ресейдегі сайлаудың қалай өтетінін байқаған жөн.

Билікте ешқандай өзгерістің бола қоймайтынын біз қаншалықты түсінгенімізбен, рубльдің бұл саяси оқиғаны қалай қабылдайтыны көпшілікті толғандырып отыр.

Мүмкін, аздаған босаңсу ұзаққа созыла қоймас. Ал теңгеге келетін болсақ, ол Ресейдегі проценттік ставканың төмендеуін сезе қоймас. Өйткені жақында біз осындай оқиғаны бастан кешіргенбіз, бірақ ол теңге бағамына ешқандай әсер еткен жоқ, — дейді ойын қорытқан Евгений Слесарев.

Өз кезегінде, экономист Мағбат Спанов бұл екі – Америкадағы және Ресейдегі отырыс та Қазақстанға ешқандай әсер етпейді, деген сенімде.

Қазір ел экономикасына геосаяси фактор көбірек ықпал етуде. Ал бұл жерде әзірге, Құдайға шүкір, бізді ешқанадай тосынсый күтіп тұрған жоқ.

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған