Президенттің алдында министрлер бірдеңелерді жазып жатқанын көргенде, күлкім келеді

Президенттің алдында әкімдер мен министрлердің кітапшаларына бірдеңелерді шимайлап жазып жатқанын көргенде, күлкім келеді. Меніңше, Елбасын алдымен зейін қойып тыңдау керек емес пе? сосын жиналыстан шыққанда соның бәрі бір емес, бірнеше рет айтылады ғой. Президенттің сөзі – Профессордың лекциясы емес. Ел басының сөзі ең алдымен – бағдарлама, программа.

Меніңше, Ел басының не айтқанын жазғаннан гөрі, нені меңзеп, не айтқысы келетінін түсіну керек сияқты. Жарайды, әкім-қараға ақыл үйретпеймін. Өздері білсін…

 

Талғат Теменов
abai.kz-те жариялаған күнделігінен алынды

 

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған