Шаттан қазақ, Елдос та алтын алды

Қазақстандық дзюдошы Екатеринбургте өткен «Grand Slam» турнирінде үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Финалда ресейлік спортшы Ислам Яшуевті жеңіп, алтын медаль алды. Шешуші кездесуде Сметов иппонмен жеңді. Қарсыласын лақтыру әдісі арқылы жеңу үшін оған 2 минут 20 секунд уақыт қажет болды.

Жарақат алғалы бұл Елдос үшін 2018 жылдағы алғашқы турнир.

Естеріңізге сала кетсек, 25 жастағы қазақстандық 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлде иегері. 2015 жылы әлем чемпионы атанса, 2014 жылғы Азия ойындарында алтын ұтып алды.

 

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған