Сүйінші! «Astana Arlans» боксшылары тағы да жеңіске жетті

«Astana Arlans» командасы WSB Дүниежүзілік бокс сериясы аясында Үндістанның Рохтак қаласында «Indian Tigers» командасымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.

49 кг:

Теміртас Жүсіпов Шиам Кумар Какараны 2:1 есебімен (50:45, 48:47, 47:48) тізе бүктірді.

56 кг:

Нұрсұлтан Қосшығұлов үндістандық боксшы Эташ Хан Мухаммедке есе жіберді 0:3 (46:49, 47:48, 46:49).

64 кг:

Ділмұрат Мижитов Дхеерайдфті 2:1 (50:45, 47:48, 49:46) есебімен жеңді.

75 келіге дейінгі салмақта Әбілхан Аманқұл жергілікті боксшы Ашиш Кумармен жекпе-жекке шықты. 5 раунда созылған кездесуде қазақ жігіті қарсыласын қуып жүріп сабады. Үш төреші де жеңіске қазақстандық боксшы лайық деп таныды (49:45,50:45,49:46). Осылайша ол «Astana Arlans» командасына мерзімінен бұрын жеңіс сыйлады – 3:1.

91 келіге дейінгі салмақта Әбілхайыр Тұрланбек Санджет Санджеттен айласын асыра алмады. Бұл оның дебюттік жекпе-жегі болатын.

Осылайша жалпы есеп 3:2 болып аяқталды.

Еске сала кетейік, қос команданың бірінші кездесуі 10 ақпан күні Қарағанды қаласында өтіп, жерлестеріміз 4:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

 

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған