Қазаққа қауіп орамал таққан қыздардан деп ойлайсыз ба?

…. Егер қауіпсіздік саласының осы бір қыранкөз қырағы ақсақалы бүгінде  жастарымызды нағыз жабайылыққа, хайуандық азғындыққа бағыттап жатқан түрлі түнгі клубтардан, гей-клубтардан қорқамын, ел болашағы деп жүрген жастарымыз солардың жетегінде кетіп ұлтсыз, отансыз мәңгүрттерге айналып барады, бүйте берсек мемлекетіміз құрдымға кетеді деп қайғырса оған қосыла қайғырар едік.

Егер осындай бірнеше ақсақал әуелі  орамал тартқан қыздарға емес, көшеде кеудесінде дір-дір қаққан қос анары мен кіндігін қоса ашып тастап, майқұйрығын жарқыратып көрсетіп, әбүйірін жабар-жаппас мини-шорты киген, аузында темекі, қолында сыра шишасы бар, боғауыз сөзді ағыл-тегіл ақтарып баратқан қазақ қыздарына тыйым салайық, қатын-қалаштарымыз ерлерін беттен алып, төске шабуын тоқтатуымыз керек десе шынымен-ақ іргелі  ел болуды бастаған екенбіз дер едік.

Өз басым бұл жерде қазақ қыз-келіншектері жаппай хиджаб (бет-ауызын бүркеп алатындар) кисін дегелі отырғам жоқ. Өйткені, хиджаб – бір ұлттың ұлттық киімі. Ал бір ұлттың киім үлгісі дұрыс не бұрыс деуге ешкімнің хақы жоқ. Бұл жерде мәселе хиджаб кию мен орамал тартудың арасы жер мен көктей екендігінде. Орамал әлем әйелдерінің бас киімі дерлік бұйым.

Әрбір тәуелсіз ел ең алдымен тарихи жергілікті ұлтының дінін, тілін, үрдістерін сақтайды. Ендеше біз бүгінде жартылай жалаңаш, кеудедегі қос анары мен бөксесін ашып тастап, темекісін бұрқыратып, сыра шөлмегін аузынан қылғытып,  аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып жүретін қыздарымыз бен жасы қырықтың қырқасына шыққан қатын-қалаштарымызға қарсы күрес ашсақ ұлттығымыз да, тәуелсіздігіміз де нығая түсер еді ғой. Өйткені, қашанда тілінен, дінінен, ділінен, ұлттық бет-бейнесінен айрылып құрып бітетін елдің ең әуелі әйел жыныстылары бұзылатынын оқып та, көріп те жүрміз ғой.

Өзі басып алатын елдің ең әуелі әйел жыныстысын құтыртып, тең праволылық, гендерлік саясат, феминизм, әйел құқығы деген сияқты сайқали саясат жүргізу арқылы әйелін еріне қарсы қою үлкен-үлкен державалардың басты әдісі екенін еркектеріміз де, әйелдеріміз де естен еш шығармауы керек. Бүгінгі Қазақстанның орыстілді немесе шұбартіл басшылары аузын ашса Еуропада өйтеді де бүйтеді деген лақпа сөздерді мәдениеттілік  деп ойлайды. Ал Батыстағылар екі еркектің бір-біріне үйленуі, өз ұлының астына жатып, өз ұлына күйеуге тиюі, әйел мен әйелдің, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауы, қатынының бүгін басқа бір еркекпен жатуға баратынын еріне ескертіп қоюы сияқты «тең праволы хайуандықтар» жағынан ғана алда келеді.

Қазір Алматыда  бірнеше жерде гей-клубтар емін-еркін жұмыс істеп жатқанына, түнгі  клубтардан шыққаннан кейін қыз-келіншектеріміздің істеп жүрген істеріне, күйеуінің көзіне шөп салғанымен тұрмай оны бірнеше жылға соттатып жіберген қатын телеарналардан қыздарымызға «ақыл» айтып, кітап жазуына жағдай жасап, гендерлік саясатпен феминизмді өршітіп қойғанына қарап көп  ұзамай қазекемдер де әлгіндей «тең праволы хайуандық мәдениетке» қол жеткізіп, Қазақстанды әлемге танытары хақ.

Мейлі, хиджабқа (бет-ауызын бүркеп алу) тыйым салса салсын (ол да заңсыздық!) ал орамал тартқан қыздарға мемлекеттік шабуыл жасайтындай не күн туды біздің билікке? Ақтөбе облысында мектепке баратын оқушы қыздарды мектепке кіргізбеуге қандай себеп бар. Осы облыстың алақандай Темір ауданындағы шап-шағын Кеңқияқ мекеніне орамал тартқан қыздардан қауіп төнуі мүмкін  дегенді ақыл-есі дұрыс адам айта ма? Ал дін және азаматтық қоғам жөніндегі министрлік басшысы Нұрлан Ермекбаевтың «керек болса заңда сақалдың ұзындығы қандай болуы керектігі де көрсетілетін болады…» дегенін оқығанда шынымен-ақ бүгінгі Қазақстанға ең қауіпті жау орамал тартқандар мен шолақ шалбар кигендер екен демеске лаж қалмайды.

Мырзан Кенжебай

Abai.kz сайтындағыОтанға қауіп орамал мен шолақ шалбардан ба?” мақаласынан ықшамдалып алынды

 

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған