Ақтөбелік аналар қалалық прокуратураға басып кірді

Құқық қорғаушылардың ісіне ашынған бір топ ақтөбелік бүгін қалалық прокуратураға басып кірді. Айтуларынша, газ ұрлығына қатысты  шығарған қалалық соттың шешіміне көлік прокуратурасының қызметкерлері қарсы шығып отыр. Сөздерінше құқық қорғаушылар облыстық сотқа осыдан бір ай бұрын ғана сот залынан ақталып шыққандардың ісін қайта қарап, оларға қайта жаза қолдануды сұрап шағым түсіріпті.  Онсыз да баламызды бір жыл бойы айғақсыз қамауда ұстады деп зар жылаған аналар аппеляциялық шағым түсірген прокурордың алдында бірінен соң бірі естерінен танып қалды.    

Көлік прокуратурасын басып кірген ашынған халық осыдан бір жыл бұрын Ақтөбедегі газ ұрлығына қатысы бар деп айыпталып, артынан қылмыстық істі бес ай бойы қараған қалалық соттың шешімімен ақталып шыққан жеті адамның туыстары. Айтуларынша көлік прокуратурасы қалалық соттың шығарған заңды шешіміне қарсы шығып, қайта аппеляциялық шағым түсірген. Сөздерінше құқық қорғаушылар облыстық соттан ақталып шыққандардың ісін қайта қарап, оларға жаза қолдануды сұрапты. Алайда баламыз жазықсыз құрбан болуда деп зар жылағандар құқық қорғаушылардың ұлдарымызды айыптайтын айғақтары жоқ деп отыр.

АЛТЫН ҰЛМАҒАНБЕТОВА, тұрғын:

– Не деп алады ол? Егер дым ұрламаса. Бес-ақ ай болды баламның жұмыс жасағанына. Бес айдың ішінде не газды қалтасына салып ала ма? Үйге келіп қорқытты бізді.

РӘЗИЯ НҰРЫШЕВА, тұрғын:

– Не за что екі ай түрмеде қуырдақ болып отырды. Тоғыз ай домашний арестте отырды. Бір кінәсін тапқан жоқ. Мына бетім қара бет болды. Кісі өлтіргеннен жаман болдық біздер. Соттар істемейтін болса, Асанов верховныйда несіне отырады? Мен баламның жолында өлсем де верховныйға да барамын. Асановқа да барамын. Назарбаевқа да барамын.

Баламыздың жолында құрбан боламыз деп бекінгендер соттың шешімімен келіспей, қайта шағым түсірген прокурорды бетпе бет кездесуге шақырды. Алайда жұрт алдына шыққан прокурор аппеляциялық шағымды процессуалды тәртіп бойынша жасағанын және қарсы тараптың бұған өз шағымдарын түсіре алатындарын айтты. Бұл қылмыстық іске нүктені прокуратура емес, сот қояды деді.

АБАЙБЕК ОРДАБАЕВ, Ақтөбе облысының көлік прокуроры:

– Мен соттың шешімімен келіскен жоқпын. Өзімнің ходотайствомда жазып, соны сотқа тапсырдым.

– Қандай кінә таптың солардан? Соны айтшы.

– Кінәні мен таппаймын. Кінәні сот өзі шешеді.

Қалалық сотта ақталып шыққан ұлдарын қайта жазалауды сұраған прокурордың алдында шырылдаған аналар бірінен соң бірі естерінен таңды. Ашынған халық енді әділдік іздеп бас прокуратурадан бастап, президентке дейін барамыз деп отыр.

Жанар Қожанова, Бағдат Баймурзин

Дереккөз: informburo.31.kz

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған