Мұхтар Тайжан. Астанадағы Қайым Мұхамедханов атындағы көше атауы өзгертілмесін!

АСТАНАДА ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВҚА БЕРГЕН КӨШЕНІ СОЛ ҚАЛПЫДА ҚАЛДЫРУДЫ ӨТЕНІМІЗ!

Жалпы Астанада қазақтың тарихына ыстық көшелер көп, қалада жүріп риза боласын. Мысалға Керей, Жәнібек, Кенесары, Бауыржан Момышұлы, Қайрат Рысқұлбеков, Сығанақ, Сарайшық, Орынбор, Ордабасы, – өте көп.

Бірақ біртүрлі көшелер де бар. Мысалға СССР премьері болған Алексей Косыгин, революционер Яков Свердлов, әрі қарай Антон Чехов, Александр Радищев, Александр Серов, Александр Суворов, Арам Хачатурян, Александр Матросов, Суриков, Шукшин, Георгий Жуков, Иван Грязнов, Иван Крылов, Иван Кулибин, Михаил Лермонтов, Михаил Ломоносов, Михаил Шолохов, Н.Гастелло, Никифор Ирченко, Николай Гоголь, Николай Павлов, Николай Хлудов, Новостроительный, Октябрьдің 70 жылдығы көшесі, Павлик Морозов, Степан Разин, Ульяна Громова, Секвастополь, Яков Свердлов…

Мен бұл тұлғалар жаман деп айтып тұрған жоқпын, Мәселе о да емес. Дегенмен бүгін Президент айтқандай, олардың Қазақстанға, Астанаға қандай қатысы бар?

Ал Қайым Мұхамедханов – қазақ ұлты үшін көп еңбек сіңірген қайраткері. Сондықтан, Астанада о кісіге берген көшесін сол қалпыда қалдыруды сұраймыз. Ұмытпайық:

ӨЛІ РИЗА БОЛМАЙ – ТІРІ БАЙЫМАС!

Мұхтар Тайжанның ФБ жазбасынан

 

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған