Н. Назарбаев Білім министріне: Ағылшын тілімен қатар, қазақ тілін де ұмытпауымыз керек

Елбасы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевті қабылдады, деп хабарлайды shynyrau.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Мемлекет басшысына Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы жөнінде есеп берілді.

Мемлекет басшысы еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалардың уақтылы жүргізіліп жатқанын айтып, жекелеген пәндерді ағылшын тілінде оқытуға көшу үдерісіне ерекше тоқталды.

– Пәндерді ағылшын тілінде оқыту жоғары сынып оқушылары арасында жүргізіледі. Балаларға ағылшын тілін қазір үйретпесек, келешекте олардан кәсіби мамандар даярлай алмаймыз. Бұл – уақыт талабы. Ата-аналар мұны дұрыс түсінуге тиіс. Бұл ретте, қазақ тілін оқытуды да ұмытпауымыз керек, – деді Н. Назарбаев.

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған