101 баланы өлтіріп кетті. Әлем неге үнсіз?! Мұсылман қазақ неге үнсіз?!

Ауғанстанда Құранды толық жаттаған 101 бүлдіршін қапада шейіт болғаны жайлы хабарды естіген боларсыздар. Оқиға бүлдіршіндерге “хафиз” дипломын табыс ету рəсімі кезінде орын алған. Ақш қолдауындағы Ауғанстан əскери ұшақтары “əлдебіреулерді” жою барысында бүлдіршіндерді қателікпен бомбалаған көрінеді. Сонда не қателікпен осыншама бүлдіршіндердің жанын қиғандар жауапқа тартылмайды ма? Неге əлем үнсіз?!

Ислам ынтымақтастығы ұйымы қайда? БҰҰ ше? Мұсылман емес елдерде орын алған мұндай жағдайларда басқаша әрекет ететін əлем лидерлері қайда? Неге алалаймыз?! Қайғыру да саясат па? Бүлдіршіндердің жазығы не?

Жандарың жəннатта шалқысын уа Құран хафиздары!. Ата-аналарыңа шапағатшы болыңдар періштелер!
Қайғыра көңіл айтамыз! Қылмыскерлерді айыптаймыз!

Қайрат Жолдыбайдың ФБ жазбасынан

 

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған