Семейде 21 жастағы қызды пойыз қағып кетті

14 сәуір күні Семейде пойыз 21 жастағы қызды қағып кетті. Кейін ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Устинка LIVE басылымына сілтеме жасап.

Оқиға түнгі уақытта Rich қонақүйіне жақын жерде болды. Дәрігерлердің айтуынша, қызда жабық ми жарақаты мен гематома барын айтты. Қазір оның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

«Әзірге қыздың не себепті пойыз жолына шығып кеткені белгісіз», – дейді Семей станциясы ішкі істер бөлімі кезекшілігіндегілер.

Полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған