Қуат Хамитов Головкиннің таңдауына күлкісі келетінін айтты

Аралас жекпе-жек шебері Қуат «Найман» Хамитов Геннадий Головкиннің америкалық боксшы Ванес Мартиросянмен болатын жекпе-жегіне қарсы шықты. Айтуынша, Головкин өзіне сай емес қарсылас таңдаған. Бұл туралы ол Vesti.kz-ке берген сұхбатында айтты.

Головкин мен Мартиросянның белдесуі 5 мамыр күні Лос-Анджелес маңындағы StubHub Center аренасында өтетіні белгілі. Алайда аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Головкиннің таңдаған қарсыласына қарсы шықты.

«Екі жыл бойы ешкіммен күш сынаспай, соңғы жекпе-жегінде жеңіліс тапқан боксшы. Меніңше, ол лайықты қарсылас емес. Ол Головкиннен төмен салмақтағы боксшылармен белдесіп, жеңіліп қалған. Екінші жағынан, бокстың дәуірі аяқталып келеді. Ал біздің боксшымыздың салмағында лайықты қарсылас жоқ. Егер ММА-ға көз жүгіртсеңіз, оныншы нөмірдің өзі бес раундқа созылатын жекпе-жекті көрсете алады. Үздік бестік қатарында да оларға тең келер қарсылас жоқ. Сондықтан да мен боксты қарамайтын болдым. Бұл Мейвезер мен Уордтың кетуімен байланысты. Жекпе-жекте бір-біріне қарсы тұра алатын қарсыластарды таңдау керек. Өкінішке қарай, бокстағы мұндай кездер аяқталды», — деді Хамитов.

Сонымен бірге ол Головкиннің орнында кімді таңдайтынын айтты. «Оның орнында Джейкобсты таңдар едім. Одан өзге мықты қарсылас жоқ. Украиналық ең соңғы нұсқа болатын. Мен Мартиросян секілді боксшымен ешқашан шықпас едім. Бұл өзіме деген құрметсіздік болар еді», — деді ол.

kaz.365info.kz

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған