Медресе шәкірті бойжеткенді өзін өлтіруге жол бермеді

Дін жолындағы азамат өзін өлтіруге оқталған бойжеткенді құлағалы тұрған жерінен ұстап қалған, деп хабарлайды КТК арнасы

«Биіктен секіріп кетемін» деп қиғылық салған студентті райынан қайтаруға құзырлы орын өкілдері мен оқу орнының басшылығы жұмыла күш салғанымен, түк шықпаған. Қайта керсінше, адам жақындаған сайын бойжеткен ғимарттың қиыр ұшына жылжып, жағдай ушыға берді. Тек келіссөзге медресе шәкірті кіріскенде ғана өмірден баз кешкен 19 жастағы қыз сабырға келгендей көрінді. Осы сәтті тиімді пайдаланған дін жолындағы азамат оны шап беріп ұстап алған. Медицина  колледжінің төртінші курс студентінің мұндай қадамға не үшін барғаны қазір анықталуда.

Ел арасында Арайлым Өмірзақ өгей әкесімен ренжіскен немесе жігітімен ұрысып қалған деген болжам айтылуда. Ал оны ажалдан арашалап қалған азаматқа жұрт тік тұрып қошемет көрсетті. Ол медреседе діни сауатын ашып жүрген Мойынқұм ауданының тұрғыны екен.

Ұзақбай Медетбайұлы, медресе шәкірті: -Алладан дұға қылдық. Жайлап арғы жағынан көрінбей келіп бас салып ұстадым. Алланың қалауымен ғой.

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған