Нұрсұлтан Назарбаев: «Әйелдердің есіне сала бермесек, кейде құттықтауды ұмытып кетеді»

Кеше Ақордада жаңа 18 генералдың есімі белгілі болды, деп хабарлайды ktk.kz Құқық қорғау органдарында жемісті қызмет етіп көзге түскен үздік мамандар Елбасының қолынан генерал атағын алды.  Сондай-ақ, жанқиярлық еңбегімен көзге түсіп, көпке үлгі болған бірқатар әскерилер түрлі орден-медальдармен марапатталды. 

Қорғаныс, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция, прокуратура органдарының  беткеұстар өкілдері тегіс Ақордаға жиылған. Мына самсап тұрған әскери шендер аздан соң солардың иығына тігіледі. Ақорда да маңызды шараға соңғы сәтке дейін дайындалып бақты. Осы абыр-сабырдың бәрі Жоғарғы бас қолбасшының аты аталғанда сап тиылды. Әдетте қалың қолды басқарып, қарамағындағыларға зілді бұйрық беретін білдей генералдар үнсіз қатар-қатар сап түзей қалды. Бірақ, президент бүгінгі шараның марапат кеші екенін білдіргендей, ресми мәтініне әзіл араластыра сөйледі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті: -“1992 жылы дәл осы күні қазақтың қарулы күштерін құру туралы Жарлыққа мен қол қойған болатынмын. Сондықтан, ер азаматтарды, Отан қорғаушыларды біздің жұбайларымыздың, ата-аналарымыздың құттықтайтын күні бүгінгі күн болады. Есіне сала бермесек, кейде ұмытып кетеді”.

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған