“Болашақ” студенті: “Соғыста жеңілген кім, Германия ма, әлде КСРО ма?!”

😰 Жеңіс күні… Меніңше, соғыста жеңіске жету мүмкін емес. Соғыста барлық тарап жеңіледі. Қаншама өрімдей жас өлім құшқан. Баласынан айырылған аналар жаулығы кеппей дүние салған.
😭 Асылы, соғыс басталған күні адам табиғатының әлсіздігі себеп болған соғыс жеңіске жетеді, аяқталғанда қателіктен сабақ алу арқылы қалыптасқан ақыл-ой бастаған бейбітшілік салтанат құрады. 
😪 45-тің көктемінде баласы аман-есен қайтқандар “жеңдік” деп астамшылық жасамаған болар, құдайға шүкіршілік айтқан болар. Ал азаматы із-түссіз жоғалған әйелге жеңіс күні емес, азалы күн болған болар.
👊🏼 Жеңіс деген түсінік өте қауіпті ұғым. Жеңу үшін біреу жеңілу керек. Біреу жеңілген жерде жалпы жеңіс туралы сөз айту қиын. Жеңіс – үстімдік. Ал үстемдіктің соңы бір жақтылыққа алып келеді. Бір жақтылық түбінде жеңіліске ұшыратады.
😏 Қазір қарасаңыз, бір жақты жолмен жүрген Кеңес өкіметі, оның мұрасы мұрындықтаған елдер жеңді ме, әлде жеңілді деп жүрген Германия жеңді ме? Шыны керек, ардагерлерді кешеге дейін баспанамен қамтамасыз ете алмай келдік. Жеңіс деп аталып кеткен күннің 70 жылдығында ғана “толық қамтыдық” деп жария еттік. Бұл сонда қай Жеңіс?
🤔 Әр ұрпақ тариxқа өз заманы көкжиегінен баға береді. Сондықтан, өткен заманның “соғыста жеңіс бар” деген идеологемасын ой елегінен өткізбесек, жаңа заманға қауіп төндіреді. Және де оны растау үшін алысқа жүргірудің қажеті жоқ. Жақын елдердің саяси реалитиінен көріп отырмыз.

Шыңғыс Мұқанның ФБ жазбасынан алынды

 

 

Post Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған